Акис Вавалис «Жеңіс» клубының бас бапкері қызметінен кетті

Грек маман Акис Вавалис елордалық «Жеңіс» футбол клубының бас бапкері қызметінен ресми түрде кетті, деп хабарлайды Sportm.kz.
Клубтың баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, келісімшарт бапкердің жеке бастамасымен, отбасылық жағдайы мен еліне қайту қажеттілігіне байланысты бұзылған.
«Біз Акиске командада атқарған жұмысы үшін, Премьер-лигадағы орнымызды сақтап қалғаны үшін, Лига Кубогының финалына шыққаны үшін алғыс айтамыз. Оған алдағы мансабына сәттілік тілейміз», – делінген ресми хабарламада.
Еске сала кетейік, Акис Вавалис «Жеңіс» тізгінін 2023 жылдың жазында ұстаған еді. Оның басшылығымен команда өткен маусымда Қазақстан Премьер-лигасында орнын сақтап, Лига Кубогының финалына дейін жеткен болатын.
Клубтың жаңа бас бапкері жақын күндері белгілі болады деп күтілуде.



