Спорт Министрі | Qazaqstan Barysy Grand Slam: Қазақстан балуандары тоғыз медальмен турнирді аяқтады
ДЗЮДОТРЕНДТЕ

Qazaqstan Barysy Grand Slam: Қазақстан балуандары тоғыз медальмен турнирді аяқтады

Астанада өткен Qazaqstan Barysy Grand Slam халықаралық турнирінде қазақстандық дзюдошылар тоғыз медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sportm.kz.

Үш күнге созылған дүбірлі додада ел құрамасының еншісіне 3 күміс пен 6 қола жүлде түсті. Осы нәтижемен Қазақстан медальдық есепте тоғызыншы орынға тұрақтады.

Күміс медаль иегерлері:

  • Ғұсман Қырғызбаев (66 кг)

  • Ерасыл Қажыбаев (+100 кг)

  • Талғат Орынбасар (60 кг)

Қола жүлдегерлер:

  • Мағжан Шамшадин (60 кг)

  • Аман Бақытжан (60 кг)

  • Абылайхан Жұбаназар (81 кг)

  • Есет Қуанов (73 кг)

  • Бақжан Байтас (100 кг)

  • Марат Байқамұров (100 кг)

Жалпы медаль кестесі бойынша көшбасшылар:

  • IJF құрамасы – 3 алтын, 2 күміс

  • Оңтүстік Корея – 3 алтын

  • Жапония – 2 алтын, 4 күміс, 1 қола

14 салмақ дәрежесінде өткен турнирге 44 елден 358 спортшы қатысты. Олардың қатарында Олимпиада чемпиондары мен әлем біріншілігінің жүлдегерлері де болды.

Жарыстың нәтижесіне сәйкес, IJF ережесіне сай дзюдошыларға олимпиадалық және әлемдік рейтинг ұпайлары берілді: алтынға — 1000, күміске — 700, қоламен — 500 ұпай.

Айта кетейік, бұл жарыс Қазақстанда үшінші мәрте ұйымдастырылып отыр. Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін елорда 2026 жылға дейін қабылдайтын болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button