
Канадада өткен UFC 315 турнирінде қазақстандық файтер Бекзат Алмахан (12-2) өзінің қарсыласы, тәжірибелі Брэд Катонаны (14-5) небәрі 64 секунд ішінде нокаутқа түсіріп, жарқын жеңіске қол жеткізді, деп хабарлайды Sportm.kz.
Бұл — Алмахан үшін UFC-дегі алғашқы жеңіс. Жекпе-жек басталған сәттен-ақ белсенділік танытқан қазақстандық спортшы қарсыласының қорғанысындағы әлсіз тұсты дәл тауып, бірінші раундта-ақ кездесуді аяқтады.
Айта кетейік, Бекзат UFC-дегі дебютін 2024 жылдың наурыз айында Умар Нурмагомедовқа қарсы өткізген еді. Ол жекпе-жекте қарсыласын нокдаунға жібергенімен, төрешілер шешімімен жеңіліп қалған болатын.
Бұл жолғы айқын жеңіс Бекзаттың кәсіби мансабындағы 12-ші жеңісі саналады. Сонымен қатар, бұл Қазақстан тарихындағы UFC-де тіркелген ең жылдам нокаут ретінде де есте қалмақ.
Қазіргі уақытта жартылай жеңіл салмақта өнер көрсетіп жүрген Алмахан ең үміт күттіретін файтерлердің бірі ретінде аталып жүр.