Спорт Министрі | Әлем чемпионаты: Қазақстан хоккейшілері бүгін Германияға қарсы ойнайды
ХОККЕЙ

Әлем чемпионаты: Қазақстан хоккейшілері бүгін Германияға қарсы ойнайды

2025 жылғы шайбалы хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы бүгін екінші кездесуін Германия құрамасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды Sportm.kz.

Матч қазақстандық уақытпен 19:20-да басталады және оны Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Ойын Данияның Хернинг қаласындағы мұз аренасында өтеді.

Қазақстан құрамасы турнирде В тобында бақ сынауда. Қарсыластары — Финляндия, Чехия, АҚШ, Германия, Дания, Норвегия және Мажарстан.

Бұған дейін Қазақстан мен Германия құрамалары бес рет кездесті. Оның тек біреуінде қазақстандық хоккейшілер жеңіске жеткен, қалған төрт ойында германиялықтар басым түскен.

Қазақстан құрамасы алғашқы ойында Норвегияны 2:1 есебімен жеңіп, турнирді сәтті бастаған болатын. Енді Германиямен өтетін матч — плей-офф кезеңіне шығу жолында маңызды қадам болмақ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button