Спорт Министрі | Қазақстан құрамасы Норвегияны жеңіп, турнирді жеңіспен бастады
ТРЕНДТЕХОККЕЙ

Қазақстан құрамасы Норвегияны жеңіп, турнирді жеңіспен бастады

Қазақстанның шайбалы хоккейден ұлттық құрамасы 2025 жылғы әлем чемпионатындағы алғашқы ойынын Норвегияға қарсы өткізіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Данияның Хернинг қаласында өткен бұл кездесуде алғашқы кезеңде норвегиялықтар белсенді бастады. 6-минуттта Йоханессен есеп ашып, өз командасын алға шығарды. Алайда Қазақстан құрамасы екінші кезеңде ойын тізгінін қолға алып, қарқынын арттырды. 25-минутта Старченко таразы басын теңестірді. Бұдан кейін шабуылын үдете түскен қазақстандықтар 3-кезеңде тағы бір нәтижелі шабуыл ұйымдастырып, Волковтың голының арқасында есепте алға шықты.

Қақпаға бағытталған соққылар саны бойынша Норвегия басым болғанымен (31 соққыға 21), Қазақстанның қақпашысы мен қорғаныс шебі сенімді ойын көрсетті.

Бұл матчта Қазақстан құрамасы тек жеңіс ғана емес, сенімді ойын өрнегін де көрсетті. Жанкүйерлердің сенімін ақтаған ұлттық құрама алдағы ойындарға жақсы көңіл-күймен қадам басады. Келесі кездесу 11 мамыр күні Германияға қарсы өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button