
Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Жапонияның Фукуока қаласында өтіп жатқан ITF W35 турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Sportm.kz.
Әлемнің 318-ракеткасы саналатын Зарина ширек финалда турнирдің 1-ракеткасы, әлемдік рейтингте 215-орында тұрған аустралиялық Лизетт Кабрерамен кездесіп, сенімді жеңіске жетті.
Кездесу 1 сағат 53 минутқа созылды. Тартысқа толы матчта қазақстандық теннисші мықты мінез көрсетіп, жарыстың басты фаворитін жарыс жолынан шығарды.
Зарина Диястың жартылай финалдағы қарсыласы кейін белгілі болады.