Спорт Министрі | УЕФА-ның «С» санатындағы жаттықтырушылық курсына тыңдаушыларды қабылдау басталды
ФУТБОЛ

УЕФА-ның «С» санатындағы жаттықтырушылық курсына тыңдаушыларды қабылдау басталды

Қазақстан футбол федерациясының Техникалық орталығы УЕФА-ның «С» санатындағы жаттықтырушылық курсына қабылдау басталғанын хабарлайды.

Оқудан өткісі келетін барлық үміткерлер Қазақстан футбол федерациясының ресми сайтындағы «KFF Academy» бөлімінде тіркеу формасын толтырып, талап етілетін құжаттарды қабылдау критерийлеріне сәйкес жолдауы тиіс. Құжаттар Астана қаласының уақытымен 2025 жылғы 2 маусым күнгі сағат 12:00-ге дейін қабылданады.

УЕФА-ның «С» санатындағы курсқа қатысуға үміткерлерге қойылатын ең төменгі талаптар:

  1. Үміткердің орта арнаулы дене шынықтыру білімі және/немесе жоғары білімі болуы тиіс;
  2. Курстың ресми тілін (ауызша және жазбаша) жеткілікті деңгейде меңгеруі қажет;
  3. Ұйымдастырушы тарап талап ететін барлық құжаттарды толық тапсыруы тиіс:
    – Жеке куәлік немесе төлқұжат;
    – 086 үлгідегі медициналық анықтама;
    – Наркологиялық және психоневрологиялық диспансерлерден анықтама;
    – Соттылығы жоқ екені туралы анықтама;
    – Электронды нұсқадағы фотосурет (өлшемі 3,5*4,5 см, сапасы жоғары);
  4. Футбол бойынша практикалық жаттығуларға қатысуға денсаулығы бойынша қарсы көрсетілімдер болмауы керек.

Қосымша сұрақтар бойынша федерацияның ресми ресурстарына жүгінуге болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button