Qazaqstan Barysy Grand Slam: бүгін татамиге шығатын қазақстандықтар белгілі болды

Астанада өтіп жатқан Qazaqstan Barysy Grand Slam 2025 халықаралық дзюдо турнирінде бүгін Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев бастаған бірқатар қазақстандық дзюдошы татамиге шығады, деп хабарлайды Sportm.kz.
Қазақстан дзюдо федерациясы ұсынған ақпаратқа сәйкес, бүгінгі жарыс күні ерлер арасында 60 және 66 келі, ал әйелдер арасында 48, 52 және 57 келі салмақтағы спортшылар белдеседі.
Ерлер арасындағы белдесулер:
60 келі салмақ:
-
Аман Бақытжан – Абдулло Қуқаншоев (Тәжікстан)
-
Талғат Орынбасар – Энебиш Баттсерен (Моңғолия)
-
Мағжан Шамшадин – Ашик Андреаян (Армения)
-
Дәурен Суюкенов – Ли Ха Рим (Оңтүстік Корея)
66 келі салмақ:
-
Ердәулет Бозша – Чжан Хайян (Қытай)
-
Ғұсман Қырғызбаев – бірінші айналымды өткізеді
-
Бауыржан Нарбаев – Юн Хёнсу (Оңтүстік Корея)
-
Мирас Жонысов – Йотов Боян (Болгария)
Әйелдер арасындағы белдесулер:
48 келі:
-
Диана Буркеева – Манон Урдиалес (Франция)
52 келі:
-
Құндыз Жылқыбай – Умида Джуманиязова (Өзбекстан)
-
Айшабибі Мұрадимова – Кинга Климчак (Польша)
57 келі:
-
Дина Мұханбет – Полин Старк (Германия)
-
Дана Әбдірова – Ксения Галицкая (IJF)
Жарыс уақыты:
-
Іріктеу белдесулері: 10:00
-
Финалдық кезең: 17:00
-
Тікелей эфир: Qazsport телеарнасы