Спорт Министрі | Қайрат сырт алаңда Жеңісті жеңіп, көш басын нығайтты
ФУТБОЛ

Қайрат сырт алаңда Жеңісті жеңіп, көш басын нығайтты

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 8-турында «Қайрат» сырт алаңда «Жеңіс» клубымен кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Кездесудің алғашқы жартысында-ақ алматылық команда шабуылды үдете түсіп, Зарипов пен Громыконың голдарының арқасында екі голдық басымдыққа ие болды (0:2).

Жеңіс командасы үзілістен кейін Миканың пенальти голының арқасында есепті қысқартты – 1:2. Алайда қалған уақытта таразы басын теңестіруге шамасы жетпеді.

Бұл жеңістен кейін «Қайрат» 9 ойыннан кейін 23 ұпаймен Премьер-лига көшін жалғыз бастап келеді. Екінші орында — «Астана» (18 ұпай), үшінші — «Ақтөбе» (16 ұпай).

Ал «Жеңіс» 8 ойында бар болғаны 5 ұпай жинап, 10-орынға жайғасқан.

Басқа жаңалықтар

Back to top button