
Дзюдодан Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі Ғұсман Қырғызбаев Астана қаласында өтіп жатқан Qazaqstan barysy Grand Slam турнирінің күміс жүлдегері атанды.
Отандасымыз 2024 жылғы Олимпиадада қола медаль жеңіп алғаннан кейін алғаш рет халықаралық турнирде өнер көрсетті.
Ғұсман Қырғызбаев аталмыш жарыстың финалына дейін жетіп, ресейлік Рамазан Абдуллаевқа есе жіберді. Осылайша екінші орынға ие болды.