ДЗЮДО
Дзюдодан Астанадағы Grand Slam турнирі: екі қазақстандық балуан финалға шықты

Жартылай финалдық белдесулерде Талғат Орынбасар (60 келіге дейін) мен Ғұсман Қырғызбаев (66 келіге дейін) жеңіске жетті.
Орынбасар командаласы Аман Бақытжанды жеңсе, Қырғызбаев қытайлық Цзыян Седен басым түсті.
Финалда Талғат Орынбасар ресейлік Изнаур Сааевпен белдеседі. Ал Ғұсман Қырғызбаев пен ресейлік Рамазан Абдулаев өзара мықтыны анықтайды.
Қола медаль үшін Аман Бақытжан оңтүстіккореялық Харим Лимен кездеседі.