
УЕФА Конференция лигасының финалына жолдама алған екі команда белгілі болды. Бұл мәртебеге «Челси» мен «Бетис» клубтары ие болды, деп хабарлайды Sportm.kz.
«Челси» жартылай финалда швециялық «Юргорден» клубымен ойнады. Лондондық команда алғашқы кездесуде 4:1 есебімен ірі жеңіске жеткен еді. Қарымта матчта тек бір гол соғылды. 38-минутта Кирман Дьюсбери-Холл есеп ашып, осы нәтиже матч соңына дейін сақталды — 1:0. Қос кездесудің қорытындысы бойынша «Челси» финалға шықты.
Екінші жартылай финалда «Фиорентина» мен «Бетис» командалары кездесті. Алғашқы ойында испаниялық клуб 2:1 есебімен басым болған. Қарымта матчта «Фиорентина» дәл сондай есеппен жауап қайтарды: Робин Госенс 34 және 42-минутта екі гол соқты, ал Антони 30-минутта «Бетис» сапынан есеп ашты.
Ойын 2:1 есебімен аяқталып, жалпы есеп теңесті. Қосымша уақытта Эз Абде 97-минутта шешуші гол салып, «Бетисті» финалға алып шықты. Нәтижесінде матч 2:2 есебімен аяқталып, қос ойын қорытындысы бойынша «Бетис» келесі кезеңге өтті.