
Қазақстандық теннисші Зарина Диас Жапонияның Фукуока қаласында өтіп жатқан ITF W35 турнирінде жарқын ойын көрсетіп, ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды Sportm.kz.
Екінші айналымда Диас жергілікті спортшы Рика Кикавадамен кездесті. Қазақстандық теннисші қарсыласына еш мүмкіндік бермей, 6:0, 6:0 есебімен ойынды екі сетте аяқтады. Матч толығымен Заринаның басымдығымен өтті.
Келесі кезеңде Зарина Аустралия өкілі Лизетт Кабрерамен кортқа шығады.