ММАТРЕНДТЕ

Шавкат Рахмонов UFC титулы үшін таласқа шыға алмайды

Қазақстандық жанкүйерлер үміт артқан жартылай орта салмақ өкілі Шавкат Рахмонов қазіргі таңда UFC чемпиондық белбеуі үшін жекпе-жекке шығуға дайын емес. Бұл туралы танымал Athlon Sports басылымы хабарлады, деп хабарлайды sportm.kz.

Басылымның мәліметінше, Рахмонов жартылай орта салмақтағы басты фавориттердің бірі болғанымен, оның титулдық жекпе-жекке шығуы жақын арада мүмкін емес. Бұған негізгі себеп — тізе байламының жыртылуы. Бұл жарақат UFC 310 турнирі кезінде орын алған. Қазір спортшы оңалту кезеңінен өтіп жатыр, ал бұл жағдай оның чемпиондық жолындағы мүмкіндігін шектеп отыр.

Иэн Мачадо Гэрри — жаңа фаворит

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы қарсыласы, ирландиялық файтер Иэн Мачадо Гэрри белсенді түрде алға жылжып келеді. Ол 11 мамырда өтетін Белал Мухаммад пен Джек Делла Маддалена арасындағы басты жекпе-жекте қосалқы спортшы ретінде қатысуға дайындалуда. Қазіргі уақытта Гэрри Канадада, UFC 315 турниріне қатысу үшін салмақ өлшеу рәсіміне дайындық жүргізіп жатыр.

Иэн Мачадо Гэрридің жоспары айқын: тек титулдық жекпе-жек немесе мүлде ештеңе», — деп жазады Athlon Sports.

Басқа жаңалықтар

Back to top button