
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Италия астанасында өтіп жатқан ATP Masters 1000 санатындағы Рим турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Sportm.kz.
Әлемдік рейтингте 76-орында тұрған Бублик алғашқы айналымда ресейлік Роман Сафиуллинді ұтты. Екі сетке созылған матч 6:3, 7:6 (7:4) есебімен қазақстандық спортшының пайдасына аяқталды.
Александр Бублик екінші айналымда әлемнің 7-ракеткасы, Норвегия теннисшісі Каспер Руудпен кортқа шығады.