Спорт Министрі | Қазақстандық ауыр атлеттер Азия чемпионатына қатысады
АУЫР АТЛЕТИКА

Қазақстандық ауыр атлеттер Азия чемпионатына қатысады

10–15 мамыр күндері Қытайдың Цзяншань қаласында өтетін ауыр атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы бақ сынайды, деп хабарлайды Sportm.kz.

Құрлықтық додада 200-ден астам спортшы жарыс жолына шығады. Оның ішінде 112 ер, 89 әйел атлет бар. Жарыс олимпиадалық лицензиялар мен рейтингтік ұпайлар тұрғысынан да маңызды саналуда.

Қазақстан ауыр атлетика федерациясының мәліметінше, ел намысын келесі спортшылар қорғайды:

Ерлер:

  • 10 мамыр: Виктор Надворный, Сергей Чуев (67 келі)

  • 11 мамыр: Петро Хребтов (74 келі)

  • 12 мамыр: Әлібек Рақымберді (81 келі), Асылжан Бектай, Егор Шерер (89 келі)

  • 13 мамыр: Сергей Петрович, Кирилл Староверкин (96 келі)

  • 14 мамыр: Артем Антропов (102 келі)

Әйелдер:

  • 13 мамыр: Арай Нұрлыбекова (71 келі), Аянат Жұмағали (76 келі), Виктория Новикова (81 келі)

  • 14 мамыр: Ақерке Байманап (87 келі)

  • 15 мамыр: Любовь Ковальчук (87 келіден жоғары)

Жарыс барысында қазақстандық спортшылар Азия чемпионы атағы үшін таласып қана қоймай, алдағы Олимпиада ойындарына дайындықты да пысықтамақ.

Back to top button