Спорт Министрі | Қазақстан хоккей құрамасы Словенияға есе жіберді
ХОККЕЙ

Қазақстан хоккей құрамасы Словенияға есе жіберді

Қазақстанның шайбалы хоккей құрамасы 2025 жылғы әлем чемпионаты алдындағы жолдастық кездесуде Словения құрамасынан 2:3 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды Sportm.kz.

Матч Швецияның Уппсала қаласында өтті. Ойын барысында қазақстандықтар 2:0 есебімен алда тұрғанымен, қарсыластар қатарынан үш шайба соғып, жеңіске жетті.

Бұл — қос құрама арасындағы алтыншы кездесу. Бұған дейінгі бес матчтың үшеуінде Қазақстан жеңіске жеткен, ал енді Словения құрамасы екінші рет басым түсті.

Қазақстан құрамасы 7 мамырда Данияның Хернинг қаласына барып, әлем чемпионатының В тобындағы матчтарын бастайды. Қарсыластары — Финляндия, Чехия, АҚШ, Германия, Дания, Норвегия және Мажарстан.

Алғашқы ресми ойын 10 мамыр күні 15:20-де Норвегияға қарсы өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button