Спорт Министрі | Жібек Құламбаева Францияда жарқырап ойнауда – ширек финалда
ТЕННИСТРЕНДТЕ

Жібек Құламбаева Францияда жарқырап ойнауда – ширек финалда

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Францияның Сен-Годенс қаласында өтіп жатқан ITF W75 турнирінде жұптық сында ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды Sportm.kz.

Бұл жолы Жібек ресейлік спортшы Алина Чараевамен жұп құрып, алғашқы айналымда германиялық егіздер Таисия және Яна Мордергерлермен кездескен. Қазақстандық-ресейлік дуэт қарсыластарын 6:2, 6:0 есебімен оңай ұтты.

Матч бар болғаны 1 сағат 13 минутқа созылды. Құламбаева мен Чараева жартылай финалға шығу үшін чехиялық жұп – Габриэла Кнутсон мен Анна Шишковамен кездеседі.

Айта кетейік, өткен аптада Жібек Құламбаева латвиялық Дарья Семенистаямен бірге Германияның Висбаден қаласында өткен ITF W100 турнирінде чемпион атанған болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button