ФУТБОЛ
Чемпиондар лигасы: Бүгін «ПСЖ» мен «Арсенал» финал жолдамасына таласады

Бүгін UEFA Чемпиондар лигасының жартылай финалындағы екінші қарымта кездесу өтеді. Францияның «Пари Сен-Жермен» және Англияның «Арсенал» клубтары алаңға шығып, финал жолдамасын сарапқа салады, деп хабарлайды Sportm.kz.
Ойын Қазақстан уақытымен 23:50-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Бұған дейін қос команда бес рет кездесті. Оның ішінде екі ойында «Арсенал» жеңіске жетсе, екі матч тең аяқталған, ал біреуінде «ПСЖ» басымдық танытқан.
Еске сала кетейік, жартылай финалдың алғашқы ойынында «ПСЖ» 1:0 есебімен жеңіске жеткен болатын.