Спорт Министрі | Қазақстан құрамасы Словениямен жолдастық кездесу өткізеді
ХОККЕЙ

Қазақстан құрамасы Словениямен жолдастық кездесу өткізеді

Бүгін Қазақстанның шайбалы хоккей құрамасы 2025 жылғы әлем чемпионаты алдындағы соңғы дайындық аясында Словениямен жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды Sportm.kz.

Матч Қазақстан уақытымен 20:40-та басталады. Бұл екі құрама арасындағы алтыншы ойын болмақ. Бұған дейінгі бес кездесудің үшеуінде Қазақстан жеңіске жетсе, екі мәрте Словения басым түскен.

7 мамыр күні қазақстандық хоккейшілер Данияның Хернинг қаласына жол тартып, әлем чемпионатына қатысады. Жарыс барысында Қазақстан құрамасы В тобында өнер көрсетеді. Қарсыластар тізімі: Финляндия, Чехия, АҚШ, Германия, Дания, Норвегия және Мажарстан.

Қазақстан құрамасының топтық кезеңдегі алғашқы ойыны 10 мамырда Норвегияға қарсы өтеді. Басталуы — 15:20.

Ал Словения құрамасы чемпионатта А тобында Швецияның Стокгольм қаласында ойнайды. Олар Канада, Швеция, Швейцария, Словакия, Латвия, Австрия және Франция құрамаларымен шеберлік байқасады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button