Спорт Министрі | Михаил Кукушкин Прагадағы турнирді жеңіспен бастады
ТЕННИС

Михаил Кукушкин Прагадағы турнирді жеңіспен бастады

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Чехия астанасы Прагада өтіп жатқан челленджер турнирінің екінші айналымына жолдама алды, деп хабарлайды Sportm.kz.

Әлемдік рейтингте 165-орында тұрған Кукушкин алғашқы кезеңде жергілікті теннисші, небәрі 17 жастағы Максим Мрвамен кездесіп, тартысты ойында 6:0, 5:7, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Матч ұзақтығы — 2 сағат 11 минут. Михаил 2 эйс жасап, 20 брейк-пойнттың 8-ін тиімді пайдаланды. Қарсыласы 2 эйс пен 5 брейкпен жауап қатты.

Кукушкин келесі кезеңде ширек финал жолдамасын сарапқа салу үшін әлемнің 210-ракеткасы, словакиялық Лукас Клейнмен кортқа шығады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button