ТЕННИС
Александр Шевченко Италиядағы «Мастерс» турнирінің негізгі кезеңіне өтті

Шевченко венгриялық Мартон Фучовичті екі сетте де ұтты. Ойын 6:4, 6:2 есебімен аяқталды.
Сондай-ақ, іріктеу кезеңінің барысында Шевченко аргентиналық Хуан Пабло Фиковичті де 6:4, 6:4 есебімен жеңді.
Шевченконың «Мастерс» турнирінің бірінші айналымындағы қарсыласы кейінірек анықталады.