Спорт Министрі | Астанада өтетін дзюдодан Grand Slam турниріне қатысатын қазақстандықтар белгілі болды
ДЗЮДО

Астанада өтетін дзюдодан Grand Slam турниріне қатысатын қазақстандықтар белгілі болды

2025 жылдың 9–11 мамыр аралығында Астанада өтетін дзюдодан әлемдік Grand Slam турниріне қатысатын қазақстандық спортшылардың тізімі жарияланды, деп хабарлайды Sportm.kz.

Айта кетейік, бұл жарысқа әлемнің 48 елінен 400-ден астам дзюдошы қатысады деп күтілуде. Дүбірлі дода Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді. Көрермендер үшін кіру – тегін.

Ауқымды халықаралық жарыста Қазақстан намысын қорғайтын құрама сапында Олимпиаданың қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев та бар. Ол біршама үзілістен кейін халықаралық татамиге қайта оралады.

Ерлер құрамасы:

  • 60 келі: Мағжан Шамшадин, Аман Бақытжан, Дәурен Суюкенов, Талғат Орынбасар

  • 66 келі: Ғұсман Қырғызбаев, Ердәулет Бозша, Бауыржан Нарбаев, Мирас Жонысов

  • 73 келі: Саясат Сейітқалиев, Қуан Барыс, Бақытжан Әбдурахманов, Есет Қуанов

  • 81 келі: Абылайхан Жұбаназар, Жалғас Қайролла, Айғали Қалдыбек, Азат Күмісбай

  • 90 келі: Аян Байғазы, Құдырет Досымов, Айдар Арапов

  • 100 келі: Марат Байқамұров, Бейбіт Мадеев, Бақжан Байтас

  • +100 келі: Еламан Ерғалиев, Ерасыл Қажыбаев, Мәди Еділбаев, Жамбыл Тұрғыналиев

Әйелдер құрамасы:

  • 48 келі: Диана Буркеева

  • 52 келі: Құндыз Жылқытай, Айшабибі Мұрадимова

  • 57 келі: Дина Мұханбет, Дана Әбдірова

  • 63 келі: Асылжан Орынбасарова

  • 70 келі: Аруна Жангелдина, Кристина Сотникова, Диана Телбаева, Анастасия Морозова

  • 78 келі: Нәзерке Тілеуханова, Замзагүл Файзолланова

  • +78 келі: Ақерке Рамазанова, Толқын Тұрсынақынова

Басқа жаңалықтар

Back to top button