ТЕННИСТРЕНДТЕ

Жібек Құламбаева Германиядағы халықаралық турнирде чемпион атанды

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Германияның Висбаден қаласында өткен W100 санатындағы халықаралық турнирде жұптық сында топ жарды, деп хабарлайды Sportm.kz.

Бірінші партияда чехиялықтар 6:4 есебімен басым түсті. Екіншісінде Қазақстандық латвиялық жұп есе қайырды — 6:3. Супер тай-брейкте Жібек пен Дарья жеңісті жұлып алды — 11:9. Финалдық матч 1 сағат 37 минутқа созылды.

Бұл жеңіс Жібек Құламбаеваның халықаралық деңгейдегі ең ірі табыстарының бірі саналады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button