Спорт Министрі | Премьер-лигада жетінші тур ойындары бүгін басталады
ТРЕНДТЕФУТБОЛ

Премьер-лигада жетінші тур ойындары бүгін басталады

Бүгін, 3 мамырда, Қазақстан Премьер-лигасының жетінші тур ойындары басталады. Тур екі күнге жоспарланған: алғашқы күні төрт матч өтсе, қалған үшеуі ертең жалғасады, деп хабарлайды Sportm.kz.

Тур шымылдығын сағат 15:00-де «Жеңіс» (Астана) – «Ақтөбе» және «Ұлытау» (Жезқазған) – «Қайрат» (Алматы) арасындағы ойындар ашады. 16:00-де «Атырау» мен «Ордабасы» (Шымкент) кездессе, кешкі 19:00-де «Тұран» (Түркістан) мен «Жетісу» (Талдықорған) алаңға шығады.

4 мамыр күні 17:00-де «Қайсар» (Қызылорда) – «Астана», 18:00-де «Елімай» (Семей) – «Оқжетпес» (Көкшетау), ал 19:00-де «Тобыл» (Қостанай) – «Қызылжар» (Петропавл) ойыны өтеді.

Қазіргі таңда турнир кестесінде «Қайрат» пен «Астана» командалары 17 ұпаймен көш бастап тұр. Оларды 13 ұпаймен «Елімай» мен «Ақтөбе» командалары өкшелеп келеді.

Барлық матчтар «Qazsport» және «Sport Plus Qazaqstan» арналары арқылы тікелей эфирде көрсетіледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button