ТЕННИС
Жібек Құламбаева Германиядағы турнирде керемет камбэкпен финалға жолдама алды

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Германияның Весбаден қаласында өтіп жатқан ITF W100 санатындағы турнирдің жұптық жарысында финалға шықты, деп хабарлайды Sportm.kz.
Құламбаева латвиялық серіктесі Дарья Семенистаямен бірге жартылай финалда ресейлік Виталия Дьяченко мен жапониялық Нао Хибиноға қарсы ойнады. Бірінші сетте қарсыластар 6:3 есебімен басым түскен. Алайда екінші партияда қазақстандық-латвиялық жұп 6:4 нәтижесімен есепті теңестіріп, шешуші супер тай-брейкте 11:9 есебімен жеңіске жетті.
Матч 1 сағат 28 минутқа созылды. Жібек пен Дарьяның финалдағы қарсыластары алдағы уақытта анықталады.