Спорт Министрі | Аружан Сағындықова Шымкенттегі ITF турнирінде чемпион атанды
ТЕННИСТРЕНДТЕ

Аружан Сағындықова Шымкенттегі ITF турнирінде чемпион атанды

Қазақстандық теннисші Аружан Сағындықова Шымкент қаласында өткен ITF W15 санатындағы турнирде жұптық сында жеңіске жетіп, чемпион атанды, деп хабарлайды Sportm.kz.

Сағындықова ресейлік әріптесі Элина Неплиймен бірге финалда турнирдің бірінші ракеткалары — ресейлік Екатерина Маклакова мен Анна Урекеге қарсы сынға түсті. Бірінші партияда ресейлік жұп тай-брейкте басым болды — 7:6 (7:4), алайда екінші сетте Аружан мен Элина 6:2 есебімен қарымта қайтарды. Шешуші супер тай-брейкте олар 10:8 нәтижесімен матчқа нүкте қойды.

Тартысқа толы финалдық кездесу 1 сағат 49 минутқа созылды. Бұл — Аружан Сағындықованың кәсіби мансабындағы маңызды жетістіктерінің бірі саналады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button