ТРЕНДТЕҰЛТТЫҚ СПОРТ
«Ұлы дала жорығы – 2025» марафоны Жеңістің 80 жылдығына арналады

2025 жылдың 9–14 мамыры аралығында Алматы облысында халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі өтеді. Бұл жолғы бәйге Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды Sportm.kz
Жарыс Қонаев қаласынан басталып, Балқаш, Жамбыл және Іле аудандарының аумағын қамтиды. Күн сайын шабандоздар 100 шақырым жол жүріп, барлығы 500 шақырымды еңсереді.
Биылғы додаға 10-нан астам елден, соның ішінде Түркия, Ресей, Мажарстан, Оңтүстік Африка Республикасы мен Қырғызстаннан жүзден астам спортшы қатысады. Шын мықтылар осы бес күндік бәсекеде анықталады.