ФУТБОЛ
«Қайрат» футзал клубы Чемпиондар лигасының жартылай финалында «Картахена» командасымен кездеседі

Францияның Ле-Ман қаласындағы «Антарес Аренада» футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының жартылай финалдық кездесуі өтеді. Бұл матчта Қазақстанның «Қайрат» командасы Испанияның «Картахена Коста Калида» клубымен кездеседі.
«Қайрат» осы маусымда топтық кезең мен элиталық раундта сенімді ойын көрсетіп, жартылай финалға жолдама алды. Алматылықтар бұған дейін екі рет Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанған. Олардың қарсыласы — «Картахена» клубы — бұл кезеңге алғаш рет шығып отыр.
Матч Астана уақытымен 21:00-де басталады. Ойынның тікелей көрсетілімі Qazsport телеарнасында жоспарланған .