
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Германияның Висбаден қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды sportm.kz.
Құламбаева жұптық сында латвиялық серіктесі Дарья Семениста екеуі ширек финалда норвегиялық Ульрикке Эйкери мен жапониялық Эри Ходзумиді тартысты матчта жеңіп шықты. Кездесу үш сетке созылып, есеп 6:3, 1:6, 10:7 нәтижесімен аяқталды.
Енді жартылай финалда Құламбаева мен Семениста жапониялық Нао Хибино мен ресейлік Виталия Дьяченко дуэтімен кортқа шығады.