АУЫР АТЛЕТИКАТРЕНДТЕ
Бейбарыс Ерсейіт жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық ауыр атлет Бейбарыс Ерсейіт Перу астанасы Лимада өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль иеленді.
Спортшы 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды.
Қоссайыстың жалпы есебінде қазақстандық зілтемірші 262 келіні (117+145) көтерді.
Күміс жүлде түркиялық спортшы Рамазан Йылмазға бұйырды — 261 келі (108+153). Ал үздік үштікті ресейлік Абубакар Цакаев қорытындылады — 252 келі (113+139).