Спорт Министрі | Astana IBSA Judo World Championships: Парадзюдодан әлемнің үздіктері Астанада бақ сынайды
ДЗЮДО

Astana IBSA Judo World Championships: Парадзюдодан әлемнің үздіктері Астанада бақ сынайды

13–15 мамыр аралығында елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында алғаш рет парадзюдодан әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Sportm.kz.

Төрт жылда бір өтетін айтулы жарысқа биыл 40 елден 350-ден астам спортшы қатысады. Олардың қатарында 15-тен астам Паралимпиада чемпиондары мен әлемдік дәрежедегі жұлдыздар бар.

Қазақстан құрамасы бұл дүбірлі додаға негізгі құрамымен қатысады. Ел намысын Астанадан шыққан парадзюдошылар — Ақмарал Науатбек, Ерғали Шамей, Асылан Нұрдаулетов және Бауыржан Арыстанбеков қорғайды.

Жарыстың іріктеу кезеңдері күн сайын сағат 10:00–13:00 аралығында өтсе, финалдық белдесулер 15:30–17:00 аралығына жоспарланған. Ашылу салтанаты 13 мамыр күні сағат 15:00-де өтеді. Көрермендер үшін кіру тегін.

Басқа жаңалықтар

Back to top button