Спорт Министрі | Абиба Абужақынова Grand Slam турнирінің қола жүлдесі үшін күреседі
ДЗЮДОТРЕНДТЕ

Абиба Абужақынова Grand Slam турнирінің қола жүлдесі үшін күреседі

Тәжікстан астанасы Душанбеде өтіп жатқан дзюдодан Grand Slam турнирінде қазақстандық Абиба Абужақынова (-48 кг) қола жүлде үшін татамиге шығады, деп хабарлайды sportm.kz.

Абужақынова жартылай финалда Қытай спортшысы Чжуан Веннаға есе жіберіп, шешуші белдесуге өте алмады. Енді ол үшінші орын үшін өзбекстандық Улбусин Хакимовамен кездеседі.

Қола жүлде үшін жекпе-жек бүгін, Қазақстан уақытымен 17:00-де басталады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button