Спорт Министрі | Әбиба Әбужақынова Grand Slam турнирінде қола медаль жеңіп алды
ДЗЮДОТРЕНДТЕ

Әбиба Әбужақынова Grand Slam турнирінде қола медаль жеңіп алды

Әбиба Әбужақынова Душанбедегі Grand Slam турнирінде қола жүлде иеленді, деп хабарлайды Sportm.kz.

Қазақстан әйелдер дзюдосының көшбасшысы Әбиба Әбужақынова Тәжікстан астанасы Душанбеде өтіп жатқан халықаралық Grand Slam жарысында 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орынға табан тіреді.

Ол жартылай финалда Қытай спортшысы Вэньне Чжуанға есе жібергенімен, үшінші орын үшін өткен белдесуде өзбекстандық Улбусин Хакимованы мерзімінен бұрын жеңіп, жарысты қола медальмен аяқтады.

Қазақстан құрамасы үшін бұл турнирдің алғашқы жүлдесі болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button