Спорт Министрі | Қазақстандық таэквондо шеберлері Азия клубтық чемпионатында 6 медаль жеңіп алды
ТАЕКВОНДО

Қазақстандық таэквондо шеберлері Азия клубтық чемпионатында 6 медаль жеңіп алды

Қытайдың Уси қаласында өткен 13-ші Азия клубтық таэквондо чемпионатында Қазақстан құрамасы сәтті өнер көрсетіп, жалпыкомандалық есепте 4-орынға ие болды.

Екі күнге созылған жарыста отандастарымыз 6 медаль еншіледі: 2 алтын, 1 күміс және 3 қола.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:

  • Мария Севостьянова (57 кг) – алтын медаль;

  • Дамир Шуленов (68 кг) – алтын медаль;

  • Бейбарыс Каблан (+87 кг) – күміс медаль;

  • Альтаир Өмірбеков (74 кг), Батырхан Төлеугали (80 кг) және Нодира Ахмедова (49 кг) – қола жүлдегерлер.

Чемпионатқа Азияның 14 елінен 219 спортшы қатысты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button