
Әлемдік рейтингте 11-сатыда тұрған қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Мадридтегі WTA 1000 турнирінің 1/16 финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды sportm.kz.
Елена Рыбакина Испаниядағы сында украиналық Элина Светолинаға қарсы ойнаған болатын. Кездесу 2:0 есебімен қарсыластың пайдасына шешілді.
Алғашқы сет 3:6 есебімен аяқталды. Екінші сетте украиналық теннисші бір рет брейк жасап, 6:4 есебін тіркеді. Элина Светолина әлемдік рейтингте 17-сатыда тұр.
Еске салайық, Мадрид турнирінің 1/32 финалында Елена Рыбакина канадалық Бьянка Андрескуден 2:0 (6:3, 6:2) есебімен басым түскен болатын.