
Таиландтың астанасы Бангкок қаласында өткен дзюдодан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы төрт қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте үздік ондықты қорытындылады, деп хабарлайды sportm.kz.
Жекелей сында жеңіс тұғырының үшінші сатысына келесі спортшылар көтерілді:
-
Шерзод Давлатов (-60 кг),
-
Ғалия Тынбаева (-48 кг),
-
Бақыт Құсақбаева (-57 кг),
-
Мейірлан Максим (-90 кг).
Сонымен қатар, Нұрәділ Әлжан (-60 кг), Ержан Еренғайыпов (-66 кг), Ермахан Әнуарбеков (-90 кг), Эсмигүл Куюлова (-63 кг) және Ақерке Рамазанова (+78 кг) жүлдеге бір қадам жетпей, бесінші орынмен шектелді. Аралас командалық жарыста да Қазақстан құрамасы 5-ші орынға табан тіреді. Командалық бәсекенің қорытындысы мынадай болды:
-
Жапония
-
Өзбекстан
-
Моңғолия және Оңтүстік Корея (екі ел қатар қола жүлдегер атанды)
-
Қазақстан
Жалпы медаль кестесінде 30 елдің ішінен Жапония құрамасы көш бастады. Екінші орынға Өзбекстан жайғасса, үздік үштікті Оңтүстік Корея түйіндеді. Қытай төртінші, ал Бахрейн бесінші орынды иеленді. Қазақстан төрт қола жүлдемен жалпы есепте 10-шы орынға тұрақтады.