Спорт Министрі | УЕФА президенті Александер Чеферин Астанаға келді
ТРЕНДТЕФУТБОЛ

УЕФА президенті Александер Чеферин Астанаға келді

Астанаға ресми іс-сапармен Еуропа футбол қауымдастықтары одағының (УЕФА) президенті Александер Чеферин келді, деп хабарлайды sportm.kz.

Сапар барысында Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) кеңсесіне бару жоспарланған. Федерацияның жұмысымен танысып, инфрақұрылым нысандарын аралайды. Сондай-ақ ҚФФ президенті Марат Омаровпен бірқатар маңызды мәселелерді қозғайды.

Еске сала кетейік, Александер Чеферин мен Марат Омаров ақпан айында Ньондағы УЕФА штаб-пәтерінде жолыққан еді.  Тараптар Қазақстан футболының дамуы жоспарын талқылап, серіктестікті нығайту бағыттарын анықтады.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button