Спорт Министрі | Қазақ боксшылары төрт алтын жеңіп алды
ӘУЕСҚОЙ БОКСТРЕНДТЕ

Қазақ боксшылары төрт алтын жеңіп алды

Баку төрінде төрт мәрте әнұранымыз шырқалды. Әзірбайжан астанасында бокстан халықаралық турнир мәресіне жетті.

«Жібек жолы» деп аталатын жарысқа қазақстандық тарап жастарды жіберген болатын. Кейбіреулері, тіпті, ересектер арасында алғаш рет бақ сынады. Десе де қай-қайсы да үмітті ақтап, ұлттық құрамаға лайықты ізбасарлар барын дәлелдеді. Қазақстандық қыз-жігіттер бас-аяғы 18 медаль жеңіп алды. Оның төртеуі алтын. Атап айтқанда, әйелдер арасында 54 келіде қазақстандық Элина Базарова финалда ресейлік Дарья Пантелееваны жеңді. Артынша 57 келіде Виктория Байдукова да тағы бір ресейлік Дарья Абрамовадан басым түсіп, алтын жүлдегер атанды. Ерлер арасында 54 келідегі Бағлан Кенжебек финалда орыс боксшысы Максим Кузнецовты ұтса, 71 келідегі Нұрбек Мұрсал тағы бір ресейлік Игорь Свиридчинковты жеңді. Ал, 52 келідегі Анжа Садуақасова мен 75 келідегі Санжарәлі Бегалиев финалда қарсыластарына есе жіберіп, күміс жүлде иеленді. Бұған қоса, әйелдер арасында 6, ерлер арасында 6 боксшымыз қола медаль жеңіп алды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button