Бибосынов пен Дусматов кездесуі мүмкін

Ресейдің Хабаровск қаласында Константин Коротковты еске алуға арналған халықаралық бокс бәсекесі басталады.
Оған 16 елдің өкілдері қатысып жатыр. Араларында жеңіл салмақтағы Қазақстан және Өзбекстан үздіктері бар. Жеребе тарту нәтижесінде, 54 келіде қызықты жағдай тіркелді. Яғни, Сәкен Бибосынов пен Хасанбой Дусматов жартылай финалда жолығу мүмкін және дәл осы жекпе-жекті жанкүйерлер тағатсыздана күтіп отыр. Дусматов алғашқы кездесуін өткізіп үлгерді және Тәжікстан өкілі Хасан Салоходдиновты 5:0 есебімен жеңді. Енді ол ширек финалда туған інісі Фарёзбек Дусматовпен кездесуі керек. Ал, Сәкен Бибосынов ширек финалда ресейлік Құрбан Байранбековпен жолығады. Қос мықты жеңіске жетіп жатса, жатырлай финалда Бибосынов-Дусматов жекпе-жегі болады. Айта кетейік, Сәкен мен Хасанбой соңғы рет Париж Олимпиадасының ширек финалында кездесіп, өзбек боксшысы жеңіске жеткен болатын. Хабаровск қаласында халықаралық турнир 20-шы сәуірге дейін жалғасады