Спорт Министрі | Халықаралық жарыста жүлдеге ілікті
БАСҚАЛАРЫ

Халықаралық жарыста жүлдеге ілікті

Дәл қазір Кувейт астанасы Эль-Кувейт қаласында стенд атудан «Әмір Гран-Приі» өтіп жатыр. Оған 15 елден 200-ден аса қатиысушы жиналды.

Әйелдер арасындағы сында қазақстандық Ольга Хайлова жақсы нәтиже тіркеп, жеңіс тұғырына көтерілді. Ол стенд атудың «скит» бағытына 48 ұпай жинап, екінші орынға тұрақтады. Алтын жүлде финляндиялық Элизабет Хейноненге, ал, қола италиялық Кьяра Ди Марциантониоға бұйырды. Қоржынымыздағы медальдар саны тағы да арта түсуі мүмкін. Өйткені, Эль-Кувейт қаласындаға халықаралық турнир 20-сәуірге дейін жалғасады. Айта кетейік, стенд ату бойынша ұлттық құраманың тағы бір бөлігі дәл қазір Перу еліндегі Әлем Кубогына қатысып жатыр. Ол жақтағы жарыстың жалпы қорытындысы 22-сәуірде белгілі болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button