Спорт Министрі | «Зенит» ұтты, Әліп байыды
ТРЕНДТЕФУТБОЛ

«Зенит» ұтты, Әліп байыды

Ресей Премьер-лигасының 24-туры аясында «Зенит» өз алаңында «Краснодарды» 4:1 есебімен ойсырата жеңіп, маңызды үш ұпайға қол жеткізді, деп хабарлайды sportm.kz.

Бұл жеңіс турнирлік кестеге айтарлықтай әсер етіп, Cанкт-Петербургтік клуб көшбасшыдан ұпай айырмасын қысқартты. Маңызды матч алдында «Зенит» басшылығы ойыншыларға арнайы сыйақы тағайындаған. Жеңіс үшін — 110 мың еуро (шамамен 64,4 млн теңге). Үш немесе одан көп гол айырмасымен жеңіс үшін — 250 мың еуро (шамамен 146,5 млн теңге).

Команда бұл бонустың ең жоғарғы шегіне қол жеткізді.

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп бұл ойында алаңға шықпағанымен, матчтық өтінімге енген. Клуб ережесіне сәйкес, қосалқы құрамда отырған ойыншылар да сыйақы алады. Осылайша, Әліп 90 минут бойы алаңға шықпаса да, 146 миллион теңгеге жуық табысқа ие болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button