КӘСІПҚОЙ БОКСТРЕНДТЕ
Сұлтан Зауырбек IBF рейтингінде көтерілді

Астанада өткен бокс кешінен кейін Сұлтан Зауырбек IBF рейтингінде 4-орынға көтерілді, деп хабарлайды sportm.kz.
Екінші жартылай жеңіл салмақта жұдырықтасатын Сұлтан Зауырбек (20-0, 13 KO) «Battle of the brave» бокс кешінде Оңтүстік Африка Республикасынан келген Азинга Фузилемен (18-3, 12 KO) жекпе-жек өткізген еді. Он раундқа созылған кездесуде отандасымыз төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.
Рейтингтің көш басында мексикалық Эдуардо Нуньес (27-1, 27 KO) тұр, екінші орын әзірге. Үздік үштікке жапониялық Масанори Рикииши (16-1, 11 KO) жайғасқан.