Спорт Министрі | ХОК бокс бойынша салмақтарды бекітті
БОКСТРЕНДТЕ

ХОК бокс бойынша салмақтарды бекітті

Халықаралық олимпиадалық комитет бокс бойынша 2028 жылғы олимпиадада медальдар сарапқа салынатын салмақтарды бекітті.

Бас-аяғы 14 келіде чемпиондар анықталады. Яғни, 7-еуі әйелдерге, 7-еуі ерлерге тиесілі. Әйелдер арасындағы сында бұған дейін алтын салмақ дәрежесі болатын. Қазір саны артты. Нақтырақ айтқанда 51, 54, 57, 60, 65, 70 және 75 келіде бәсекелер болады. Бұл — қазақ қыздары үшін өте жақсы мүмкіндік. Өйткені, ұлттық құрама өкілдері соңғы Азия чемпионатында да, Әлем чемпионатында да жақсы нәтижелер тіркеп, тарихи жетістікпен оралып жүр. Енді алдағы уақытта да осы қарқынды жоғалтпай, олимпиаданың жеңіс тұғырына көтерілуі керек.

Ал, ерлер бәсекесінде сол бұрынғы 7 салмақ дәрежесі қалды. Бірақ, World Boxing ұйымы енгізген жаңашылдыққа байланысты өзгерістер бар. Атап айтқанда, енді 55, 60, 65, 70, 80, 90 және аса сауыр салмқатарда жүлдеге таласады. Өкініштісі, ең жеңіл салмақты алып тастаған. Яғни, бұрын 51 келіден басталса, енді 55 келіден сындар өтеді. Бұған қоса, 70, 80 және 90 келілер арасында үлкен айырмашылықтың болуы боксшылардың икемделуіне қиындау және оларды іріектеп алуда оңай болмайтыны анық.

Басқа жаңалықтар

Back to top button