Спорт Министрі | Баходир Жалоловтың рейтингісі өзгерді
БОКСКӘСІПҚОЙ БОКСТРЕНДТЕ

Баходир Жалоловтың рейтингісі өзгерді

Халықаралық бокс федерациясы (IBF)  өзбекстандық аса ауыр салмақтағы боксшы Баходир Жалоловты (15-0, 14 КО) рейтингке енгізді, деп хабарлайды sportm.kz.

Астанада өткен  кәсіпқой бокс кешінде  Баходир Жалолов украиналық қарсыласы Игорь Шевадзутскийді (12-3, 10 КО) төрешілердің шешімімен жеңген еді. Бұл оның 15-жеңісі. Осы кездесуден кейін IBF жаңартылған рейтингіне сәйкес, Жалолов аса ауыр салмақ дәрежесінде 13-орынға көтерілді. Айта кетейік, бұл тізімде 12-орынды Токио Олимпиадасының финалында Жалоловпен жұдырықтасқан америкалық Ричард Торрес (13-0, 11 КО) иеленіп отыр.

Рейтингтің бірінші орны әлі бос. Ал екінші орында – Ұлыбританияның тәжірибелі боксшысы Дерек Чисора (36-13, 23 КО), үшінші сатыда – нигериялық Эфе Аджагба (20-1, 14 КО) орналасқан. IBF тұжырымы бойынша суперауыр салмақтағы қазіргі әлем чемпионы атағы британиялық Даниэль Дюбуаға (22-2, 21 КО) тиесілі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button