Қазақстан Оңтүстік Кореяны жеңді

Дәл қазір Ұлыбританияның Дамфрис қаласында әйелдер хоккейінен «В» дивизионы бойынша дүниежүзілік дода өтіп жатыр.
Қазақстан қыздары Италия, Латвия, Словения, Ұлыбритания және Оңүстік Корея командаларымен бір топқа түсті. Олар енді апта бойы өзара мықтыны анықтайды. Бірінші орын алған құрама ғана «А» дивизионына жолдама алады. Қазақстандық қыздар алғашқы мачта Оңтүстік Кореямен жолығып, 4:2 есебімен жеңіске жетті. Камбэк жасады десек те болады. Кездесу барысында алғашқы шайбаны Оңтүстік Корея өкілі соққан. Ұлттық құрама сапындағы Юлия Буторина таразы басын теңестірді. Ал, Мүнира Саяхатқызы, Надежда Филимонова және Анна Пятковалар мергендіктерімен көзге түсіп, мачт соңына дейін есеп айырмасын еселей түсті. Қорытынды нәтиже, жоғарыда айтқандай, 4:2.
Александр Тебеньков баптайтын қыздар енді бүгін Италия құрамасымен жолығады. Дамфрис қаласындағы әлем чемпионатының жалпы қорытындысы 16-сәуірде белгілі болады.