Спорт Министрі | Жалпы есепте бірінші орындамыз
ТАЕКВОНДО

Жалпы есепте бірінші орындамыз

Сербияның Белград қаласында таеквондодан жастар мен жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнир өтті.

Оған Қазақстан командасы да қатысып, жалпы есепте топ басына шықты. Атап айтқанда, жастар арасында 61 келідегі Хамзальпер Ромашкин  мен 33 келідегі Диас Байдуллаев барлық қарсыласын айқын басымдықпен ұтып, жарыс жеңімпазы атанды. Бұған қоса, қоржынымызда бір күміс және үш қола медаль бар. Ал, жасөспірімдер арасында Егор Шаптефраць, Теміржан Тасқын, Нұрперзент Саматұлы және Қанат Рахымберді алтын жүлде иеленді. Ал, Бекет Болатұлы өз салмағында үздік үштікті түйіндеп,  қола жеңіп алды. Бұл бәсеке алдағы құрлықтық және әлемдік аламандарға дайындық болып есептеледі.

Айта кетейік, соңғы кезде отандық таэквондода үлкен өзгерістер болып жатыр. Ұзақ жылдар бойы отырған басшысы Вячеслав Ким өз еркімен отставакаға кетті. Оның орнына Құдірет Игнатұлы келді. Алғаш рет Қазақстан чемпионатына шетелдік төрешілер шақыртылды. Бас бапкер арнайы байқаумен тағайындалды.  Бұған қоса, федерацияның логотипінен бастап, тұтас жүйесіне дейін қазір ауыз толтырып айтарлықтай реформа жасалып жатыр.

Back to top button