Осы аптада қандай жарыстар өтеді?

Еліміздің спортшылары осы аптада түрлі жарыстарға қатысады, деп хабарлайды sportm.kz.
7–12 сәуір – Сурдо жүзуден Қазақстан чемпионаты Жарысқа 13 өңірден 152 спортшы қатысады. Өтетін орны: Павлодар қаласы.
7–13 сәуір – Пара жүзуден «Фудзи Шизуока» Әлемдік сериясы Қазақстан құрамасынан 5 спортшы сынға түседі. Өтетін орны: Фудзи қаласы, Жапония.
8–13 сәуір – Бадминтоннан BWF Азия чемпионаты Ел намысын 4 спортшы қорғайды. Өтетін орны: Нинбо қаласы, Қытай.
8–13 сәуір – Таэквондодан (I.T.F.) барлық жас санатындағы Азия кубогі Сары құрлық додасына 28 елден 800 спортшы қатысады. Қазақстан құрамасынан 368 спортшы бақ сынайды. Өтетін орны: Шымкент қаласы.
8–15 сәуір – Шайбалы хоккейден әйелдер арасындағы IB дивизионының әлем чемпионаты Жаһандық додаға Қазақстан әйелдер құрамасы да қатысады. Өтетін орны: Дамфрис қаласы, Ұлыбритания.
10–14 сәуір – Каратэ WKF-тен ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты Ішкі біріншілікке еліміздің 18 өңірінен 500 спортшы қатысады. Өтетін орны: Ақтау қаласы.
11–12 сәуір – Киокушинкай-кан каратэден Қазақстан кубогі 15 өңірден 500 спортшы жарыс жолына шығады. Өтетін орны: Қарағанды қаласы.
11–13 сәуір – Синхронды жүзуден Әлем кубогі кезеңі Қазақстан құрамасынан 6 спортшы өнер көрсетеді. Өтетін орны: Сомабай қаласы, Мысыр.
13–17 сәуір – Спорттық және жауынгерлік самбодан ересектер арасындағы Азия және Мұхит елдері чемпионаты Жарысқа ел құрамасынан 90 спортшы қатысады. Өтетін орны: Ташкент қаласы, Өзбекстан.
13–19 сәуір – Жеңіл атлетикадан (U18) VI Азия чемпионаты Қазақстан құрамасынан 10 спортшы жүлдеге таласады. Өтетін орны: Даммам қаласы, Сауд Арабиясы.
13–22 сәуір – Стенд атудан Әлем кубогі Ел намысын 4 спортшы қорғайды. Өтетін орны: Лима қаласы, Перу.
13–22 сәуір – Нысана көздеуден Әлем кубогі Отандық 14 спортшы сынға түседі. Өтетін орны: Лима қаласы, Перу.