
Ертең Астанада көпшілік тағатсыздана күтіп жүрген кәсіпқой бокс кеші өтеді. Ең басты жекпе-жек қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы мен франциялық Анаэль Нгамиссинге арасында болмақ.
Олар WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы чемпиондық атақтарды сарапқа салады. Яғни, Жәнібек өз титулдарын қорғауы қажет. Бұған дейін отандық бокс мамандары Жәнібектің уақытынан бұрын жеңіске жетеріне сенім білдірген еді. Енді бокс кеші алдындағы баспасөз мәслихатында жерлесіміз осы пікірді растады. Яғни, керемет шоу көрсетіп, уақытын бұрын аяқтаймын дейді.
«Бокс әлеміне «қазақ стилін» баныстырып жүрміз. Бұл – артқа да, алға да ширеқ қимылдап, қорғанып жүріп ұра алатын жекпе-жек үлгісі. Сондықтан, ертең үлкен шоу болады. Қантөгіс болады. Айқау шу болады. Ноаут болады» — деді Жәнібек Әлімханұлы.