Спорт Министрі | Нұрсұлтанов пен Адамес кездесуге міндетті
КӘСІПҚОЙ БОКСТРЕНДТЕ

Нұрсұлтанов пен Адамес кездесуге міндетті

Карлос Адамес Мейірім Нурсултановпен кездесуге міндетті. Бүкіләлемдік бокс одағы, яғни,  WBC ұйымы осындай талап қойып отыр. Тараптарға  6-шы мамырға дейін уақыт берілді.

Егер ортақ тоқтамға келмесе, промоутерлік сауда өткізіледі. Айта кетейік, қазақстандық Мейірім Нұрсұлтанов  WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағына негізгі үміткер саналады. Ал, белдіктің өзі жоғары айтқан доминкандық Карлос Адаместің еншісінде.

Мейірімнің шаршы алаңға шықпағанына бір жылдан асты. Ол соңғы рет 2023 жылдың қараша айында чилилік Холио Аламоспен кездесіп, төрешілер шешімімен жеңіске жеткен еді. Жерлесіміз кәсіпқой рингте бүгінге дейін 20 кездесу өткізіп,  20-сында да басым түсті. Оның  11-ін уақытынан бұрын аяқтады. Ал, Карлос Адаместің көрсеткіші 26 жекпе-жек, 24 жеңіс. Ол чемпиондық титулық 3 рет қорғады. Соңғы рет бірер ай бұрын жұдырықтасты. Британиялық Хамза Ширазбен кездесіп, 12 раундқа созылған жекпе-жек тең аяқталды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button